Жаңалықтар

14 ақпан 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы мәжілісі болып өтті.

Үкімет 2007 жылдың нәтижелерін қорытындылап, 2008 жылдың жоспарын жария етті.


Жаңа конституциялық кеңістікте билік тармақтарының өзара ықпалдастығының жаңа моделін жүзеге асыратын Парламенттік басым дауысты жинақтаған құрамдағы Үкімет өз жұмысы жөнінде алғаш рет есеп берді.


Премьер-Министр Кәрім Мәсімов өз есебінде 2007 жылғы алдын-ала жүргізілген бағамдау негізінде ІЖӨ-нің 8,5 процентті құрағанын айтып өтті. Бұл өсім экономиканың барлық салаларында да көрініс тапқан.


Сонымен қатар 2007 жылдың екінші жартыжылдығында басталған әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық өсім қарқынына әсер етті. Бұл – заңдылық. Өйткені Қазақстан әлемдік экономикаға ықпалды әрі болған жағдайдың жағымсыз ықпалын аймақта бірінші болып сезінді.


- Егемендік жылдары құрылған экономикалық жүйе өзінің өміршеңдігін және тұрақтылығын көрсетті. Батыста бұл жүйе «Назарбаев моделі» аталынады, - деді Премьер.


Президент тапсырмасы бойынша Үкімет экономикаылқ өсімнің қарқынын ұстап тұруға бағытталған тұрақтылық шаралар кешенін жүзеге асырды. Осы шараларды қаржылық қамтамасыз етуге жалпы 403 миллиард теңгеден астам қаржы, оның ішінде 2007 жылы 143 миллиардтан астам теңге, ал 2008 жылға 260 миллиардқа жуық қаржы қарастырылған.


Өткен жылы мемлекеттік бюджет қарыздарды есептемегенде 2,9 триллион теңгені құрап отыр және жылдық жоспар 100,1 процентке орыналған. Шығындар қарыздарды жаппағанда 3,11 триллион теңгені немесе жоспрадың 98,7 процентін құрап отыр.


Жоспарланған 260,2 миллиард теңге тапшылықты есепке алсақ, негізгі тапшылық 215,3 миллиард теңгені құрады.


Үкімет мәжілісінде сонымен бірге Ұллттық банктің төрағасы А.Сәйденов, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов, Қаржы министрі Б.Жәмішев, «Самұрық» холдингі басқармасының төрағасы Қ.Бозымбаев, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы Е.Бахмұтова, Қызылорда облысының әкімі М.Құл-Мұхаммед және Ақтөбе облысының әкімі Е.Сағындықовтар сөз сөйледі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәжілісті қорытындылай келе Қазақстанның атқарушы билігіне қатысты маңызды міндеттерге тоқталып өтті.


Үкімет пен Ұлттық банктің асты міндеті мемлекеттің экономикалық саясатын бірлесе үйлестіру болып табылады. Бұл мәселе барлық аймақтардың әкімдеріне де қатысты.


- Барлықтарыңыз да осы міндеттің орындалуына жұмыла кірістік деп септеңіздер, - деп атап өтті Президент.


Мемлекет басшысы қаржы жүйесіндегі, құрылыс пен жылжымайтын мүліктің банк барабарлық емес стратегиясының «асыра сілтеуінен» сабақ алуымыз шарт.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар