Жаңалықтар

14 ақпан 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Оңалсын Исламұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды;

Әсет Өрентайұлы Исекешов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.


Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Мінуарұлы Бүркітбаев «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымының өзгеруіне байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен:

Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы - Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;

Донақов Талғат Советбекұлы - Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;

Жақыпов Мірболат Хабиұлы - Құжаттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Қанаев Серікжан Зияданұлы - Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр бөлімінің меңгерушісі;

Карин Ерлан Тынымбайұлы - Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

Муқанов Мақсат Нұрдаулетұлы - Стратегиялық ізденістер және талдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.


Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Оңалсын Исламұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды;

Серік Мінуарұлы Бүркітбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымының өзгеруіне байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен:

Басекеев Әділбек Әлімжанұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі;

Бектұрғанов Ерсұлтан Өтеғұлұлы - Кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі;

Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісі;

Ещанов Алмас Шүкірұлы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі;

Жуат Мұратхан - Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімінің меңгерушісі;

Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы - Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі;

Шоманов Асқар Жұмабайұлы - Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерінен босатылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар